Русский Сайттың толық нұсқасы

Игі істер марафоны аясында “Таза өлке” сенбілік шарасы өтті

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 358

Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы жалғасуда.

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өлке» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру.

Сенбілік Қарақия ауданы Құрық ауылы теңіз жағалауында өтті. Шараға120-ға жуық жас сенбілікке қатысты және 4-ке жуық техника жұмылдырылады. Сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.