Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда дәмханалардың бірінде ер адам тамаққа тұншығып, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 369

Тараздағы дәмханалардың бірінле тамаққа тұншығып қалған ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға "Мамед" қоғамдық тамақтану орнында болған. Кафе қызметкерлері мен оның досы ер адамға алғашқы көмек көрсетпек болған.

Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасының желідегі диспетчері қоңырау шалушыларға реанимациялық шараларды қалай жасау керегін кезең-кезеңімен айтып отырған. Дегенмен адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

Ақтөбе облысында төрт жасар бала шалшық суға тұншығып көз жұмды

"Көлік астына түсіп, газға тұншығып өледі": Балалар арасында тараған қауіпті ойындар қандай және олардың мақсаты не

"2024 жылдың 30 маусымында сағат 21:13-те Ташкентская, 164, "У Мамед" кафесі мекенжайы бойынша "103" пультіне қоңырау түсті. Шақыруға ентігу және көмейге бөгде заттың тұрып қалуы себеп болған. Досы қоңырау шалды. Қоңырауға кідіріссіз қызмет көрсетілді. Келгеннен кейін бірінші мамандандырылған топ жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлімді анықтады. Мәйіт оқиға орнында қалдырылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – дейді Жедел медициналық қызмет көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.

Айта кетейік, бұған дейін 73 жастағы Атырау тұрғыны апельсин тіліміне тұншығып, өліп қала жаздағаны туралы жазған едік.