Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 360

Қарағанды-Балқаш тасжолында автобус пен минивэн соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты бүгін, 14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Ақшатау ауылынан 30 шақырым жерде болған.

Автобус пен Toyota Estima шағын автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

11 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады полиция департаменті.