Ақмола облысында қайықтағы адамдар құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Зеренді ауылында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері Зеренді көлінің жағалауынан 100 метр қашықтықта желдің салдарынан өз бетінше жағалауға қайтып жете алмаған ер адамды және үш баланы құтқарып, жағаға жеткізді.