Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2024
  • 508

Алматыда қоқыс сұрыптау кезінде жаңа туған сәбидің денесі табылды. Ол қоқыс дорбасына оралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде конвейер желісінде зауыт жұмысшылары қоқыс дорбасына оралған баланың денесін тапты.

Алматы полиция департаменті фактіні растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған нәресте табылғаны туралы жазған едік.