Өскеменде «АМАNАТ» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері полиция қызметкерлерімен түнгі рейдке шықты. Бұл балалар қылмысын болдырмауға және оларды қадағалаусыз қалдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырылды. Заң бойынша түнгі 10-нан кейін кәмелет жасқа толмағандардың қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынады. Осы ретте компьютерлік клубтар мен дәмханаға келушілердің құжаттары тексерілді. Сондай-ақ балаларын қадағаламайтын ата-аналарға ескерту жасалды.
Қорлан ТҰҒАМБАЕВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Алдымен ата-аналарды шақыратын боламыз. Полиция бөлімінде алғаш рет түсіндіру жұмыстары жүргізілсе және бұл қайталанатын болса, арнайы шара қабылданады
Рейд барысында қаладағы дәмханалардағы қызметкерлер жіті тексерілді. Белсенділердің айтуынша, жасөспірімдер жазда келімсімшартсыз даяшы болып жұмыс істейді. Оларға жалақыны да аз төлейді. Заңбұзушылық анықталған жағдайда дәмхана иелері жауапкершілікке тартылады.
Лев ВАРТАНЯН, БЕЛСЕНДІ:
Жұмыс беруші қызметкерлер алатын кезде заңды жолмен алғаны дұрыс. Себебі біз сиқяты жігіттер мен түні бойы ұйықтамай құқық бұзушыларды анықтайтын полиция қызметкерлері бар.