Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде барлық медициналық университетті 10 500 түлек аяқтады

Биыл елімізде барлық медициналық университетті 10 500 түлек аяқтады. Оның 1200-і Астана медицина университетін тәмамдаған. Іргелі оқу орнын қазақстандық және шетелдік студенттер бітіріп, жұмысқа кірісуге әзір. Оқу ордасында Үндістан, Пәкістан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Иорданиядан келген жас мамандар білім алды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша университет түлектеріне «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында диплом табысталды.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бүгін ақ халат киіп жұмыстарыңызға кіріскелі тұрсыздар. Ел үшін, халық үшін, алдарыңызға келген науқас үшін қалтқысыз жұмыс жасаңыздар. Ақ халаттарыңызға дақ түсірмеңіздер. Бүкіл үлкен медицина саласы болып келе жатқан үлкен ұжымға, үлкен отбасыға деп айтсам қош келдіңіздер!

Гүлнар САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:

Дәрігер болып негізі менің бала күнгі арманым болып табылады. Сол арманыма бүгін қол жеткіздім деп есептеймін. Жеті жыл бойы әрине қиындықтар да болды. Адам өмірімен арпалысу оңай емес. Барлық қиындықтарға төзу ол білімнің арқасында деп білемін. Невропотолог мамандығын таңдап отырмын. Резидентураны неврология бағытында жалғастырамын.