Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2024
  • 282

Алматыдағы "Green Recycle" зауытында жұмысшылар оқыс жағдайдың куәсі болды. Олар қалдықтарды іріктеу кезінде дорбаға оралған жаңа туған сәбидің денесін тапты. Қазір Алматы полиция департаменті нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.