Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2024
  • 294

22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ұрының олжасы алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң әкесімен қалған балаларға қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарын алып шығуға мүмкіндік алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.