Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ер адам кене шаққаннан кейін қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2024
  • 314

Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Оның екеуі инфекциялық ауруханада ем алып, үйіне жіберілген, - деп хабарлайды Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тағы бір ер адам - Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, онда ол үш күн жатып, қажетті ем алған. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанына қарамастан ер адам есін жимастан қайтыс болды.

Қазіргі таңда тағы бір науқас конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Оның талдау нәтижелерін мамандар тексеріп жатыр.