Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда ақша жымқырды деп айыпталған екеу жазадан құтылып кетті

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2749

Қостанайда қомақты қаржыны талан-таражға салды деп айыпталғандар жазадан құтылып кетті. «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа тартылған кәсіпорын директоры мен инженері рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шықты. Былтыр қыркүйекте басталған істің нүктесі бүгін қойылды.

Іс материалына сәйкес, 2014 жылы "Жітіқарадағы" түзету мекемесінің күзет жүйесіне күрделі жөндеуге қаражат бөлінген. Алайда жұмыс толық аяқталмапты. Колония келген шығынның көлемін 58 миллион теңгеге бағалаған. Бұл іске қатысы бар "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай филиалын басқарған Виктор Шестюк пен Анатолий Нам "аса ірі көлемді қаражат жымқырды" деген күдікке іліккен. Артынша «ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы, «алаяқтық жасауға оқталу» деп өзгерген. Қалалық соттың судьясы екеуінің бас бостандығын 3 және 2.5 жылға шектеу жайында үкім шығарған. Алайда, рақымшылыққа байланысты сотталушылар жазадан құтылды. Ал, УК 161/3 түзету мекемесінің 160 миллионға жуық теңгені қайтару туралы азаматтық талап-арызын сот қараған жоқ.