Русский Сайттың толық нұсқасы

18 баланы құтқарған павлодарлық сақшының беті бері қарады

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2271

18 баланы жол апатынан құтқарған павлодарлық сақшының беті бері қарады.  Дәрігерлер енді науқасты Астанаға ауыстыру мәселесін қарастырмақшы. Өткен аптаның басында Мұрат Нұрсейітовтің ауруы асқынып жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келген.

Советхан Смақов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері:

Демалыс беретін аппаратқа қосылды. Сол себепті ол өткен жұмада Астанаға бара алмады. Бүгін сол аппаратты алғыздық. Демі өзінікі. Есі анық. Жағдайы тұрақты.

Еске салсақ, ақпанның 17-сінде Астана-Павлодар бағытындағы автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысуға шақ қалған. Полицейлер шұғыл шешім қабылдап қарсы беттен келген Камаздың жолын бөгеді, 20 шақты жеткіншекті жол апатынан құтқарып қалды. Ауыр жарақат алған полицейдің бірі жансақтау бөліміне түскен. Апатқа себепкер болған Камаз жүргізушісі кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.