Қырғызстан Ауғанстанда өндірілетін Royal газдалған сусынын сатуға тыйым салып жатыр. Өйткені оның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы анықталған. Нәтижесінде Ош қаласындағы сауда орындарында сусындар тәркіленіп, сауда желілерінің басшыларына ескерту жасалды. Бірақ, Қазақстан оған тыйым салмайды. Мамандардың айтуынша, өнімнің елімізде сатылуына жол бермеуге құқықтық негіз жоқ. Жасалған зертханалық талдау нәтижесінде Е122 азорубиннің газдалған сусын өндірісіне қолдануға рұқсат етілетінін айтады.
Жасұлан АЛПЫСБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНЭПИДБАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Бұл жерде ескеретін жағдай, 1 килограмына 50 мл қоспа аспауы керек. Осындай санитарлық талаптары бар. Осы талаптар бұзылмаса адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Біз алдағы уақытта бақылаулық сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін зертханалық талдау жүргіземіз соның нәтижесі бойынша біз нақты айтатын боламыз.
Барлық кәсіпкерлік субъектілеріне өнімнің сәйкестік декларациясы жоқ болғандықтан, оны сатуға шығармай тұра тұруын ескертуді ұсындық, - дейді мамандар.