Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы тауда құтқарушылар аяғы сынған туристке көмектесті

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 206

Алматы облысының құтқарушылары тауда аяғын сындырған 44 жастағы туристке көмек көрсетті.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 метр биіктіктен өздігінен түсе алмаған.

- ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп хабарлайды ТЖМ.