Русский Сайттың толық нұсқасы

"57 млрд теңге!" Азиядағы ең бай адамның әйелі тойдағы образына қанша жұмсағаны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 208

Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің әйелі Нита Амбани кенже ұлының тойында 57 млрд теңгеге киінген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы қазақстандық байер, блогер, танымал адамдардың образына талдау жасайтын Жансая Махабаева әлеуметтік желіде видео жариялады. 

"Нита Амбанидің тойдағы образына талдау жасайық. Manish Malhorta брендінің сарийі 120 млн теңге, 500 карат изумрудтан және алмастан жасалған мойнындағы алқа 28 800 000 теңге, сырғасы 1 180 000 000 теңге, үлкен алмас тасы бар жүзіктің өзі 3 млрд теңге тұрады. Қолындағы әр алмас білезігі 2 млрд теңгеден, ал ол әр қолына 6 дана білезіктен таққан. Одан бөлек, изумруд және алмас тасы бар білезігі 4 730 000 000 теңге тұрады", - деді блогер видео талдауында. 

Жансая Махабаеваның есептеуінше, Нита Амбанидің тойдағы образы шамамен 119 250 000 доллар, ал теңгемен есептесек 57 240 000 000 теңге болады екен.