Русский Сайттың толық нұсқасы

Жәнібектің анасы қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 455

Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібек Савельевті асырап алған Бельгия азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…", - деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұраған.