Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тұтынушылық несиелер мен микрокредит беруге шектеу енгізілмек

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 422

"Ашық НҚА" порталында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Тұтынушылық несиесінің және микрокредиттің мөлшеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысының жобасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз алатын несие көлемін шектеу ұсынылып отыр.

Осылайша, екінші деңгейлі банктердің азаматтарға бере алатын кепілсіз несие көлемін 2200 АЕК-ке дейін шектеу ұсынылды. Кепілсіз микрокредит бойынша – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен аспайды. Жаңа ережелер кепіл қойылған несиелерге әсер етпейді.

Жоба "Ашық үкімет" сайтында жарияланған. Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады.