Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрар Қазанғап өзінің 9 суретін заңсыз пайдаланған сайттан 1,8 млн теңге өндіріп алды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 349

Қазақстандағы белгілі фотограф Тұрар Қазанғап өзінің 9 суретін рұқсатын пайдаланған сайтты сотқа беріп, 1,8 млн теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жоғарғы сотқа сілтеме жасай отырып.

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған.

Фотографтың айтуынша, сайт рұқсат алмастан, оның 9 суретін жариялаған. Сонымен қоса, сайт автордың атын жазбаған, суреттерін пайдаланғаны үшін сыйақы төлемеген. Тұрар Қазанғап өз талап арызында авторлық құқықты бұзғаны үшін сайт иесінен 3,6 млн теңгеден астам сома өндіріп беруді сұраған. 

«Сайт фотографтың дәлелдерін жоққа шығаратын дәлелдер келтірген жоқ. Сот тараптар ұсынған барлық мән-жайларды және дәлелдемелерді ескере отырып, фотографтың талабын ішінара қанағаттандырды: жауапкерден 500 АЕК (1,8 млн теңгеден астам) өтемақы өндірілді», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.