Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданында "Сәтті сәрсенбі" атты экологиялық акция өтті. Тазалыққа 50-ге жуық адам қатысты. Олар ауыл маңындағы Кіші Оймашы көлінің айналасын қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияға аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Атамекен ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, AMANAT партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мүшелері атсалысты. Айта кетейік, акция бір уақытта 5 жерде жүргізілді. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Ерлан ҚАЙНАРОВ, АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
Тазалық - көпшіліктің жалпы міндетіміз, баршамыздың. Біз осы ауыл әкімдігі ретінде территорияға бекітілген өзімізге міндеттелген жоғары деңгейде атқаруға осы тазалық акциясын тиісті деңгейді ұйымдастыруға міндеттіміз. Ары қарай да осы шараны жалғастыруға, тазалықты сақтауға осы ауылдың тұрғындарында шақырамыз осы жобаға атсалысуға.