Русский Сайттың толық нұсқасы

"АЭС-ті қай елдің салатыны тек референдумнан кейін белгілі болады", - министр

Ресей Қазақстанда үш жылу-электр орталығын салады. Бірақ, Атом электр станциясын салу жобасына қатыстырылмауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың Астана қаласы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ведомство басшысы АЭС-ті қай елдің салатыны тек референдумнан кейін белгілі болады деді. Вендер таңдауда бірінші кезекте ұлттық мүддені ескере отырып шешім қабылданатынын жеткізді.

Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Ресей салатын үш жылу электр орталығы негізінен көмір тұтынады. Яғни, оған қажетті отынның негізгі бөлігін қазақстандық жеткізушілер береді. Экологиялық пайымдарды ескеріп, газбен де жұмыс істейтіндей етіп жобалап жатырмыз. Яғни, кез келген уақытта балама қуат көзіне жалғай аламыз. Жобада қазақстандық отын қолданылатыны нақтыланған. Ал Атом электр станциясы туралы айтар болсақ, референдум қорытындысын күтейік. Біздің қолымызда алдын ала келісімдер немесе шешімдер жоқ.