Алматыда автобус үйдің қоршауына соғылды

Алматыда  автобус үйдің қоршауына соғылды

Алматы қаласы Түрксіб ауданында автобус жеке үйдің қоршауына соғылды. Қоршаумен бірге газ құбырына зақым келген. Әлеуметтік желіде тараған видео авторы, 32-ші автобус жүргізушісінің мас күйде болғанын айтады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қалалық полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындалғанын жеткізді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш жол көлік оқиғасы таңғы уақытта Түрксіб ауданында орын алды. Бұл дерек ресми түрде тіркеліп, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда.