Русский Сайттың толық нұсқасы

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2024
  • 287

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында балаларға көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017, 2018 жылы туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.