Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза Қазақстан»: @TazaQazBot Telegram чат-боты іске қосылды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2024
  • 254

Қазақстанда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жаңа сервис іске қосылды. @TazaQazBot чат-боты қалалық орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтініш беру процесін жеңілдетуге арналған.

Жаңа құрал әрбір азаматқа қалалық инфрақұрылым мен қоршаған орта жағдайына қатысты мәселелерді жедел хабарлауға мүмкіндік береді.

@TazaQazBot – Қазақстанды тазалық пен тәртіп орнаған ортақ үйіміз етуге мүмкіндік. Қосылыңыздар!