Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау қаласы қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жалғасып жатыр. «AMANAT» партиясының мүшелері, эко-белсенділер мен еріктілерге ұлттық қауымдастықтар да қолдау көрсетуде. Осылайша Маңғыстау облысының әзербайжан жастары Ақтау қаласындағы қоқыспен күреске кірісті. Олар қолға күрек алып, бірнеше сағат бойы Облыстық перинаталдық орталық аумағын жинады.

Ильгар ҚАСЫМОВ, «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЗЕРБАЙЖАНДАР АССОЦИАЦИЯСЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Мақсатымыз, себебіміз осы - біздің қала, Қазақстан таза болуы керек. Қоқысты лақтырмауымыз керек. Отанымызды сыйлауымыз керек. Осы ақпаратты таратуымыз керек. Маңғыстау облысы таза болуы үшін акцияға қосылып жатырмыз.

Дмитрий ДОНСКИХ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен өз айналама үлгі көрсеткім келеді. Бұл акцияға бей-жай қарай алмаймын. Мен қаланы жақсартуға, оны көркейтуге бағытталған барлық жаңалықтарды қолдаймын. Туған жерімізді таза ұстап, оны дамытуға үлес қосқымыз келеді.