Павлодарда алтын шахтасына құлаған автобуста болған құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Әкімдік таратқан ақпарат бойынша құтқарушының мүрдесі 70 метр тереңдіктен шыққан.
Естеріңізге салайық, оқыс оқиға осы жылдың 4 қаңтарына қараған түнде болған. Ішінде 4 адамы бар көлік «Майқайың алтын» шахтасының маңында опырылған жерге құлап, із түссіз кеткен болатын. Іздеу жұмыстары кезінде тек 2 адамның ғана мүрдесі табылған. Қалған 2 адам ізім ғайым жоғалды. Тек енді 7 ай өткен соң біреуінің ғана денесі табылды.