Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылы басталған тұрғын үйдің құрылысы 2 жылдан бері тоқтап тұр

2017 жылы басталған тұрғын үйдің құрылысы 2 жылдан бері тоқтап тұр. Бірақ, ондағы 519 пәтер толығымен дерлік сатып алынған. Тұрғындар биыл да баспанамызға кіре алмаймыз ба деп алаңдайды.

Нина ЗАЯЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен 4жыл бұрын барлық ақшамды осы үйге салдым. Басында жұмыс жақсы жүрді,бірақ кейінгі 2022 жылы бойы құрылыс жұмыстары толықтай тоқтады. Мен осы кешеннің жанындағы саяжайда тұрамын, әрдайым өткен сайын құрылысшылар бар ма деп үмітпен қараймын. Үйді сатып алған адамдардың көбісі осыған дейінгі пәтерлерін сатып, осы үйлерге бар ақшаларын салып, баспанасыз қалды. Қазір пәтерлер қымбыт оны жалдауды бәрінің қалтасы көтермейді

Енді құрылыс қашан жалғасатыны белгісіз. Ол техникалық тексеруге байланысты шешіледі.

Жанарбек БЕКТЕМІРОВ, ЗАҢГЕР:

Мердігерде құрылыс жүргізуге рұқсат қағаздары болмаған, сол себепті қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы үйдің жұмысын тоқтату үшін сотқа жүгінді . Мердігердің атына қылмыстық іс қозғалды. Олар қазір қамауда, қолданылған схема бойынша 10 адамнан түрғын үй кооперативын құрып,үйлерді сату арқылы алдаған. Қазіргі таңда әкімшілік үй құрылысына жаңа инвестор табуға көмектесіп жатыр.

Алихан СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҰЙ ҚҰРЛЫСЫНА ҮЛЕСКЕРЛІК ҚАТЫСУДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Үлескерлердің өтініші бойынша 2024 жылдың 13 маусымынан бастап сот ісі қолға алынды. Техникалық сараптама жүргізетін топ жұмысын бастап кетті, тексеріс кемінде 2,3 ай жүргізіледі. Қазіргі таңда біз жаңа мердігер таптық, жаңа мамандармен келіссөздер жүргізілуде. Егер мердігер үй құрылысынаң бас тартатың болса, жаңа компанияларды қарастыратың боламыз.

Тұрғындардың енді күтуден баска амалы жоқ.