Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылыс саласындағы сатып алулар қатаң бақылуға алынады - Қаржы министрі

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2017
  • 2222

Құрылыс саласындағы сатып алулар қатаң бақылуға алынады. Осылайша  шенеуніктер жемқорлықты болдырмауға бекініп отыр. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық статистика органдарының ресми деректеріне сай, Қазақстандағы көлеңкелі экономика көлемі ішкі жалпы өнімнің 20 пайызынан асады, дегенді айтты.

Бұдан былай тапсырыс берушіден бастап жеткізушіге дейін барлық ақша айналымын қазынашылық органдары бақылап отырады. Әзірге жоба пилоттық режимде енгізіледі. Министр қаржы саласындағы бірқатар былықтарды ашты. Құрылыс шығындары әлдеқайда жоғары етіп көрсетіледі, мерзімдері сақталмайды, ал сапасы сын көтермейді. Және құрылыс саласында жалған кәсіпкерлік белең алған, - деді министр. Мәселен, былтыр 1792 жалған кәсіпкерлік анықталса, оның 28,6 пайызы құрылыс саласына келген. Ал Үкімет басшысы, жаңа жүйені құрылыс саласындағылар қабылдамаса, қатаң түрде бетін қайтарыңдар деген тапсырма берді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Мемлекеттік шығындардың сапасын және қаржы ағымдарының ашықтығын деңгейін көтеру үшін біз келісім шарттарыды қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді ұсынамыз. Көлеңкелі экономиканың ірі негіздерінің бірі - мемлекеттік сатып алуда жалған кәсіпорындар арқылы бюджет қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру жолымен жасалатын заң бұзушылықтар болып табылады. Оның ішінде бөлінген ақша қаражатының үштен бірі құрылыс пен сауда салаларына тиесілі.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:


Басты міндет - пилоттық режимнің жұмыс істеуі. Қарсылық білдірушілер, ескі жүйеге қайтқысы келетіндер болады. Ондайлардың бетін қайтару керек. Комитеттегілер өз міндеттерін нақты орындасын. Жыл соңына дейін жеткізу керек, сосын, мүмкін, келер жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар кезінде қазынашылық бақылау механизмін толық енгіземіз.