Русский Сайттың толық нұсқасы

Парижге қазақстандық спортшылардың алғашқы легі келіп жетті

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2024
  • 282

Олимпиада ойындарына қатысу үшін Парижге қазақстандық спортшылардың алғашқы легі келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, олардың қатарында 25 шілде күні жарысты бастайтын садақ ату шеберлері де бар.

Олимпиада қалашығы Париждің солтүстік жағында орналасқан, аумағы 52 гектарды құрайды. Инфрақұрылымда қажеттінің бәрі бар: 40 тұрғын үй, жаттығу корпустары, емхана, асхана және басқа да нысандар. Атлеттердің көңіл көтеруіне арналған клубтар да бар. 

Команда үздіктерінің бірі Ильфат Абдуллин кішігірім репортаж жасап, қазақстандық олимпиадашылардың қалай өмір сүретінін көрсетті. 

"Біз бүгін таңертең жайғастық. Тек таңғы ас ішіп үлгердік. Біздің команда Қазақстан құрамасы сапынан алғаш боп орналасты. Енді қалған спортшыларымызды қарсы аламыз. Жағдай жақсы, олимпиада атмосферасы керемет сезіледі. Бәрі әдемі әрі жайлы. Асхана жайлы толық ештеңе айта алмаймын. Әзірге, мәзірмен толық таныспадық. Мұнда бәрі бар деп ойлаймын. Одан бөлек, қосымша тамақтану орындары, кофеханалар бар", - дейді Абдуллин.