Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайтарымсыз несие алып беремін деп 6 тұрғынды алдаған күдікті қолға түсті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 281

Қайтарымсыз несие алып беремін» деп 6 тұрғынды алдаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Түлкібастық полицейлер алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы күдікті әйелді ұстады. Анықталғандай, арызданушының айтуынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, уәде берген. Қызметі үшін қомақты ақша алған соң, сөзінде тұрмай қашып жүрген.

Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 5 жайтқа қатысы барын және бұрын алаяқтығы үшін сотты болғанын анықтады. Яғни, оларға да жалған уәде беріп, жәбірленушілерге 3,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.