Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында шегіртке қаптады

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 241

Атырау облысында шегіртке қаптады. Зиянкес шабындық пен егістікті отап жатыр. Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға мен Махамбет аудандарында жағдай қиын. Дабыл қаққан шаруалар биліктен көмек сұрап, залалсыздандыру жұмыстарын күшейтуді талап етті, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. 

Аптап ыстықта шамадан тыс қаптаған шегіртке Атыраудағы егін шаруашылығына зиян келтірген. Шаруа Сандуғаш Жармұхамбетованың айтуынша, зиянкес бау-бақша өнімдерінің түгін қалдырмаған. Шарасыз күйге түскен шаруа билік мәселеге араласпаса, күзде өнімсіз қалатынын айтты.

– Биыл шегіртке ауданды басып алды. Қияр, сәбіз, пияз, қарбыздың бәрін жеп қойды. У шаштық, бірақ қайта пайда болды. Қалай күресу керек екенін білмейміз? Үкімет тарапынан көмек керек, – деді шаруа Сандуғаш Жармұхамбетова.