Төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Түрлі жарақаттары бар ұлбала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.