Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында тұрғын үйдегі өрттен 50-ден аса адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 283

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар өртенген. Құтқарушылар өрттен 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

"ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – делінген министрлік хабарламасында.