Русский Сайттың толық нұсқасы

Айсұлтан Назарбаев футбол федерациясына келді

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2017
  • 2140

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Александр Бородюк тағайындалды. Ресейлік маман соңғы рет «Қайратты» жаттықтырып, Қазақстанның суперкубогын жеңіп алған болатын. Келісімшарт үш жылға жоспарланған. Бас бапкерге команда құрамын талантты жастармен толықтырып, жоғары нәтиже көрсету міндеті жүктеліп отыр. Бородюк кезінде Дик Адвокат пен Гус Хиддинк сынды әйгілі бапкерлердің көмекшісі болған. Енді ұлттық құрама деңгейінде бірінші рет бағын сынап көрмек. Ал осы уақытқа дейін құраманы баптаған Талғат Байсуфинов Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры қызметін атқарады.

Ал федерацияның вице-президенті болып Айсұлтан Назарбаев тағайындалды. Ол ФИФА мен УЕФА халықаралық ұйымдары мен ұлттық қауымдастықтар байланысына жауапты болады.