Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ешкімнің отбасы ойран болған жоқ": Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 305

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!" - деп жазды Әйгерім Қалаубаева. 

"Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!" - дейді танымал әнші.