Русский Сайттың толық нұсқасы

Дания чемпионатына ауысқан Рамазан Оразов алғашқы ресми матчында негізгі құрамда шықты

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 260

Жақында ғана Дания чемпионатына ауысқан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алғашқы ресми матчында негізгі құрамда шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дания суперлигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық футболшы саналатын Оразов "Силькеборг" сапында алғашқы матчын өткізіп, негізгі құрамда алаңға шықты. Оразовтың командасы жаңа маусымдағы алғашқы матчын "Сеннерйюск" клубына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Отандасымыз матчтың 59-минутына дейін негізгі құрамда ойнап, одан кейін басқа ойыншы отандасымызды алмастырды.

Айта кетейік, Оразовтың Дания кубогінің жеңімпазы "Силькеборг" клубына ауысатыны туралы 13 маусым күні жариялады. Бұған дейін отандасымыз словениялық "Копер", ресейлік "Чайка" және латвиялық "Даугавпилс" клубтарында ойнаған. "Силькеборг" – Оразов өнер көрсетіп жатқан төртінші шетелдік клуб.