Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында АН-2 ұшағы әуеден құлап, өртке оранды

Ақмола облысында АН-2 ұшағы әуеден құлап, өртке оранды. Ішінде тек ұшқыш болған. Көлік министрлігінің мәліметінше ұшақ техникалық бақылау кезінде құлаған. Арнайы комиссия құрылып, тексерісті бастап кетті.

Ләззат СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Көліктегі оқиғалармен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері жедел түрде авияциялық оқиға орнына жіберілді. Тергеудің бірінші кезеңі басталып кетті. Жалпы заң бойынша тергеу үш ай ішінде жүргізілетін болады.