Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 355 жұмыс орны құрылады. Бұл "Кедергісіз қала" жобасы аясында жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде қала тұрғындарын жергілікті 80 өндіріс орны қабылдауға дайын. Яғни 307 жұмыс орны бар деген сөз. Ерекше жандарға жұмыс ұсынған мекемелерге мемлекет мамандандырылған үстел немесе компьютер сатып алуға қаражат бөледі.
Александр СВЕТАШ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
"Менің ойымша, мұндай мемлекеттік қолдау жұмыс берушіні ерекше жандарға арналған орындарды құруға ынталандырады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне, өзін еркін сезінуіне мүмкіндік.
Сонымен қатар, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет есебінен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Шағын және орта бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар, дизайн және аити-технологиялар саласындағы мамандарды қабылдауға дайын.
Кәмшат БАУБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
"Егер бір уақытта білім алынбаса, мансап орталықтары арқылы қайта даярлауға болады. Оқу орындарында-колледждерде немесе жоғары оқу орындарында қысқа мерзімді курстар бар. Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында жұмысқа орналасу кезінде жағдай жасалған, бұл қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік орындар.