Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жастар рухының" белсенділері Әулиеата ескерткішінің айналасындағы қабырғаға жазылған жазуларды өшірді

Таразда Талас өзені бойында орналасқан «Әулиеата» ескерткішінің айналасындағы қабырғаға жазылған жазулар көбейіп кеткен. Оларды 20-дан астам жастар рухының белсендісі "Вандализмге жол жоқ" акциясы аясында тазартты. Акцияның мақсаты - тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Аталған акция республика көлемінде іске асуда. 20 облыста белсенділер автобус аялдамаларын, құрылыстың қасбеттерін, ойын алаңдарын тазартуда.

Ерғали ӘБУҒАЛИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бұл ісімізді тоқтатпаймыз, себебі осы жұмыстардың нәтижесінде азаматтарымыз бұндай дүниенің дұрыс емес екендігінің және заңның арқасында бұндай әрекеттер қатаң жазаланатындығын міндетті түрде түсінеді деп ойлаймыз.