Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Азия көкпар лигасы» өтті

Астанада командалық «Азия көкпар лигасы» өтті. Сайыс V дүниежүзілік көшпенділер ойынын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Додада 4 команда бақ сынады. Көкпар ойынында тек спортшылар емес, сондай-ақ медиа саласының өкілдері де қатысты. Лига барысында асық ату, ләңгі тебу ұлттық ойындарынан да сайыс өтті. Көрермендер де бақ сынасты.

Әлішер ИСЛАМ, «АЗИЯ КӨКПАР ЛИГАСЫНЫҢ» БАС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Қазақ ұлттық ойындарын халқымызға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Лига өздеріңіз білетіндей, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қарсаңында халыққа үлкен той жасағымыз келген.

Оралбек АҚТІЛЕУОВ, АСЫҚ АТУДАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Қазір асық деген өте қатты дамып жатыр. Қарап отырсаңыздар, Азия чемпионаты өтіп жатыр. Оған Германия қызығушылық танытып жатыр. Венгриядан келіп жатыр. Былтыр Азия чемпионаты болды. Оған 7-8 мемлекет, Үндістаннан да келді, мысалға. Қырғыстан, Моңғолиядан келіп жатыр. Өзбекстаннан келіп жатыр, қарап отырсаңыздар көп.