Русский Сайттың толық нұсқасы

Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр. Қазір олар Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Оған 12 спортшы қатысуда. Айта кетейік, спорттың осы түрі бойынша Көшпенділер ойындарына қатысуға 35 ел тіркелген. Яғни 300-ге жуық спортшы. Олар қыркүйек айында Астанада бақ сынайды.

Диас АХМЕТОВ, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Дәстүрлі садақ ату енді қазақтың қаныңда бар спорт түрі болғандықтан міндетті түрде жеңіс төрінде көріну керекпіз. Сол үшін күнделікті үзбей жаттыға жасаудамыз.