Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде “синтетика” сақтаған тұрғынды анықтады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2024
  • 282

Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде “синтетика” сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін құрықталды.

“Қарасора – 2024” іс-шарасы барысында Қызылорда қалалық ПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала орталығында күдікті азаматты тоқтатып, тексеру барысында қолындағы сөмкесінен және қалтасынан 64 қара изолентамен оралған ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заттар анықталды. Сондай-ақ оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 148,79 грамм “а-пирролидиновалерофенен” немесе “a-PVP” психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.