Астанада 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.