Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауылдарда салынатын медициналық нысандарды ДСМ мамандары аралап тексереді",- О.Бектенов

Енді ауылдарда салынатын медициналық нысандарды денсаулық сақтау министрлігі мамандары аралап тексереді.Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты. Ол медициналық нысан құрылыстарының жұмысын барынша жандандыру қажеттігін тапсырды.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер қалған жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу бойынша шұғыл шаралар қабылдасын. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде объектілерді аралай отырып, құрылыс жұмыстары аяқталғанша мониторинг жүргізсін.