Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 227

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды. Жарақат алған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 шілдеде 04:34-те М.Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің бұрышында ер адамға пышақ сұққаны туралы хабарлама түскен.

35 жастағы тұрғын кеудесінен жарақат алып, ауыр жағдайда Сұлтанов атындағы ауруханасына жеткізілген. Сол жерде ер адам қайтыс болды. 

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.