Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы №1 аурухананың ауласында әйел адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 338

Әлеуметтік желілерде аурухана маңайында киімсіз жатқан әйел адамның мәйіті табылғандығы жазылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ адам мәйіті табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.