Әлеуметтік желілерде аурухана маңайында киімсіз жатқан әйел адамның мәйіті табылғандығы жазылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Зорлық-зомбылық белгілері жоқ адам мәйіті табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.