Бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №1 аурухана ауласынан киімсіз жатқан әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда полицейлер әйелдің қайтыс болу себебін анықтауда. Зорлық зомбылық белгілері анықталмаған.
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Зорлық-зомбылық белгілері жоқ адам мәйіті табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.