Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда үлескерлерді алдап, 290 миллион теңге жымқырған алаяқ сотталды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 330

Алматыда 34 үлескерді сан соқтырып, 290 миллион теңге жымқырған алаяқ қолға түсті. Ол 2022 жылы әлеуметтік платформаларда құрылысқа рұқсаты болмаған тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталғаны туралы жарнама жариялап, бірнеше үлескерді құрығына түсірген. Айласын асырған алаяқтың қылмысы әшкере болып, темір торға тоғытылды.

Райымбек ШАРИПБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ:

«К» азаматы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылатын болады.