Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда инвестициялық форум өтуде

Қостанайда «Kostanay Invest 2024» форумы басталды. Екі күнге созылатын елеулі іс-шара барысында астықты аймақтың инвестициялық әлеуеті талқыға түседі.Еліміздің беделді бизнес өкілдері өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлерге бағыт береді.Қостанай облысы ивесторлар үшін өте қолайлы өңір, дейді сарапшылар.

Арман ЕВНИЕВ, «YEVNIYCONSULTING GROUP» ЖШС БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕСІ:

Қостанай өңірінің мүмкіншілігі осы инвестиция жағынан, жалпы қай жағынан тек ғана ауыл шарушылығы саласынан емес, басқа салаларды қарағанда өте мүмкіншілігі мол.Соның барлығының дамуына міне осындай форум жол ашып жатыр.

3 бағыттағы панельдік сессия барысында есімі елге танымал табысты кәсіпкерлер мен бизнес-коучерлер тегін шеберлік сыныптарын өткізді. Агротрейдер,ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, мейрамхана бизнесі мен қызмет көрсету саласын дамыту бағытындағы тың мәліметтер тыңдаушыға үлкен ой салды.

Төремұрат ӨТЕПОВ, «ҚАЙРАТ» ӨКФ» ЖШС БАСШЫСЫ:

Инвестиция жағынан хабар керек.Өйткені қалай пайдалану керек.Қандай үкіметтің көмегі бар.Соның бәрін толық біле бермейміз.Бүгінгі форумнан кейін шамалы көзіміз ашылды деп айтуға болады.Біраз дамып қалдық сол жағынан.

Малика НҰРДОЛЛАЕВА, КӘСІПКЕР:

Шетелден келген қонақтарымызға осы біздің ұлттық тағамдарымызды ұсына алатындай қазақ асханасының мейрамханалары өз деңгейінде жетілмеген. Бұл іс-шарадан біздің бизнесімізге жаңа инсайдттар,өте керемет кеңестер алып, өзіме түртіп алдым.

 Айта кетейік былтырғы форумның аясында облыс әкімдігі мен ірі инвесторлар арасында 440 миллиард теңгенің жобаларын іске асыру жөнінде келісімдер жасалды. Ал бұл жолы металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар талқыға түседі.

 Арман ӘБЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы жылы өтіп жатқан форум қазірдің өзінде дәстүрлі сипатқа ие.Және бұдан басқа Қостанай облысының қазіргі заманға инвестициялық имиджін қалыптастыру бойынша біздің одан арғы ұмтылысымыздың жалғастырушы және қозғаушы векторы болады.

Форумның алғашқы күні Тобыл қаласында бой көтеретін «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарының құрылысы бастау алды.