Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте анасына қол көтерген подполковник қызметінен қуылды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 328

Шымкентте полиция подполковнигі анасымен жанжалдасып, қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желілерде отбасылық жанжал кезінде тәртіп сақшысы анасына қол көтеріп, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Бұған қатысты Шымкент полиция департаменті түсінік берді. Желіде аты аталған полиция қызметкері бұрын Жедел басқару орталығында қызмет еткен, полиция подполковнигі шенінде.

Сондай-ақ полиция қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Аталған факті бойынша материалдар "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1-бөлігі) мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

"Осы факті бойынша жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды, оның нәтижесінде полиция қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды", - деп хабарлады полиция департаменті.